Үндістанның Одиша штатынан (Орисса) саусағы көп адам табылды, деп жазады Stan.kz.
63 жастағы Кумар Найак саусақтары мен башпайларының көптігімен ерекшеленеді. Ол кең таралған тұқым қуалайтын аномалия - полидактилиядан зардап шегеді. Оның қолында 12 саусағы мен аяғында 19 башпайы бар.
«Мен бұл кемшілікпен дүниеге келсем де емделмедім. Өйткені, мен кедей отбасынан шыққанмын. Көршілерім мені сиқыршы деп санайды және менен аулақ жүруге тырысады. Кейде бейтаныс адамдар менің ерекше саусақтарымды көруге келеді. Мен көбіне үйде боламын. Өйткені, олар маған басқаша көзқараспен қарайды», - деп түсіндіреді ол.