Мыңдаған тракторшы Парижге жолға шықты. Осылайша ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіподақ елде жаппай ереуілдер ұйымдастырмақ, деп жазады 24.kz.
Әсіресе, Париж бен Лионда ауқымды наразылық акциялары жоспарланып отыр. Наразы жұрт үлкен қалаларға жолды жауып, Триумфалды қақпа жанында митинг өткізбек.
Акцияның мақсаты – үкіметке фермерлердің талабын жеткізу. Фермерлердің айтуынша үкіметтің ұстанған саясаты мен халықаралық сауда келісімдері ауыл шаруашылығы саласына тек шығын әкелуде. Тіпті ел президенті Эммануэль Макронды фермерлер бетпе-бет кездесуге шақырып отыр.