$ 444.22  476.38  4.82

Аяғы сынған механик қалайша миллионер болды?

Екі аптада төрт билеті сәтті түсіп, әрқайсысы 500 доллардан ұтқан.

Maryland Lottery Американың Мэриленд штатындағы Балтимор қаласының тұрғыны аяғы сынып қалғаннан кейін ұтыс ойындарына қатысып, ақша ұта бастаған. Бұл туралы UPI порталы жазған, - деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасап Tengrinews.kz.

55 жастағы механик жұмысы кезінде аяғын сындырып алған. Ол есімін атағысы келмепті. 

"Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Аяғымды сындырып алғаннан кейін не істерімді білмей қалдым. Сөйтіп ұтыс ойындарына қатыса бастадым", - дейді ол. 

Осылайша екі аптада төрт билеті сәтті түсіп, әрқайсысы 500 доллардан ұтқан. Кейін досының кеңесімен 20 долларға Max A Million билетін сатып алған. Нәтижетінде миллион долларға ие болған. Ол қуанышты жаңалығын бірден анасына айтқан, кейін бастығына да хабарлаған.

Басшысы механиктен жұмысын енді тастап кетпей ме деп сұрағанда, ол: "Маған өз ісім ұнайды, сондықтан ары қарай да жұмыс істей беремін" деп жауап қатыпты. Енді америкалық ер адам жеңген ақшасына жаңа үй мен балық аулайтын қайық алып, көлігін ауыстырғысы келеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары