$ 494.87  520.65  4.91

Атамбаевты конвой бөлмесіне отырғызып қойды

Қылмыстық авторитетті түрмеден заңсыз босату ісі қазан айында сотқа берілген.
фото: Respub.kg
фото: Respub.kg

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев Бішкектегі Первомай аудандық сотына жеткізілді. Бұл ақпаратты 24.kg сайтына Кундуз Жолдубаева растады, деп жазады Zakon.kz.

Бүгін баукеспе ұры Азиз Батукаевты түрмеден заңсыз босату ісі бойынша сот отырысы өтеді.

Адвокат Сергей Слесаревтің айтуынша, қазір Алмазбек Атамбаев конвой бөлмесінде отыр.

"Оны күштеп алып келді. Бірақ ол күшпен әкеліңдер деген бұйрық алған Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тергеу изоляторының жас қызметкерлеріне зиянын тигізбеу үшін, ешқандай қарсылық танытпады", - деді заңгер.

Бұған дейін бұрынғы президент сот процесіне қатысудан бас тартып, уақытша тергеу изоляторынан шықпай қойған. Сол себепті сот отырысы кейінге қалдырылған. Алдын-ала сот тыңдаулары Алмазбек Атамбаевтың қатысуынсыз өткен болатын.

Қылмыстық авторитетті түрмеден заңсыз босату ісі қазан айында сотқа берілген.

Айыпталушы ретінде 19 адамның ісі қаралуда. Бұлар сотталған тұлғаға диагноз қойған дәрігерлер мен лаборанттар, қылмыстық-атқару жүйесінің шенеуніктері мен жоғары шенділер, олардың арасында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев та бар.

Экс-президент 8 тамызда Қой-Таштағы үйіне басып кіру кезінде ұсталған болатын. Оған қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды: жемқорлық, ақша заңдастыру, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, кісі өлтіру және т.б.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары