Мексиканың Вилья Унион қаласында әкімшілік ғимаратына шабуыл жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оны есірткі картелі мүшелері ұйымдастырған.
Қалаға 7 жабық көлікпен кірген бір топ шабуылшы жағалай оқ жаудырған. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына жетіп, қылмыскерлерге тойтарыс берген. Салдарынан 14 адам қаза тауып, 6 полицей жараланды. Қазір олар ауруханада жатыр. Ал шабуылға не себеп болғаны белгісіз. Қанды оқиғаға қатысты тергеу басталды.