03.12.2019, 14:30

Иті сілекейін шұбыртқандықтан қожайыны өліп кетті

фото: Capnocytophaga canimorsus бактериясы
Тексеріс кезінде оның аяғынан тері астына қан кеткені анықталады. Сонымен қатар, оның бүйрегі мен бауыры зардап шегеді, гипоксия және бұлшық етке қан ағынының болмауы анықталды

Германияның 63 жастағы тұрғыны сирек кездесетін бактериялық инфекцияны жұқтыру салдарынан көз жұмады. Бір қызығы, бұл инфекцияны тасымалдаушы кәдімгі ит-мысықтардың ауыз микрофлорасының "тұрғыны".

Ер адам алдымен қатты қызуы көтеріліпғ тынысы тарылып, ауруханаға түседі. Емдеу мекемесінде жатқан егде жастағы ер адамның бас ауруы мен қызуы кәдімгі тұмауға ұқсас болғанымен, тұмау да, минингит белгілері де байқалмайды. Күн өтіп, науқастың жағдайы нашарлай береді. Тексеріс кезінде оның аяғынан тері астына қан кеткені анықталады. Сонымен қатар, оның бүйрегі мен бауыры зардап шегеді, гипоксия және бұлшық етке қан ағынының болмауы анықталды. Антибиотиктермен емдеу де, толыққанды дәрігер бақылаулары да науқасқа еш көмектеспей, ол соңында көз жұмады.

Госпитальда болған төртінші күні ғана дәрігерлер аурудың шынайы себебін табады. Ол Capnocytophaga canimorsus бактериясы болып шығады. Бұл бактерия - мысықтар мен иттердің қызыл иектерінің "мекендеушісі". Адамға өте сирек беріледі, әдетте иммунитет тапшылығы төмен және Алайда, бұл адам тістеген немесе итімен әлі де жараланған жоқ. Ол сондай-ақ иммунитет  ауруға бейімділігі басым адамдарды тістегенде беріледі. Алайда, бұл жағдайда ит тек науқасты жалаған болып шығады. Жалпы, бактерияның жұғуы үшін иттің сілекейін шұбыртып,  бір рет жалағаны да жеткілікті екен.   

Дереккөз: Oinet.kz