$ 498.34  519.72  4.85

Дәретхана жуудан бас тартқан сарбаз 2 күннен кейін көз жұмды

Белгородтағы әскери бөлімшелердің бірінде әскери қызметін екі-ақ күн өтеген Ставропольдік азамат көз жұмды.
Фото: Известия
Фото: Известия

Оқиға қарашаның 29-ы болған, алайда ол туралы ақпарат енді ғана пайда болды. Қаза болған 19 жастағы жас жігіттің анасының айтуынша, баласы қарашаның 28-і Белгородтағы казармаға орналасқан, деп жазады Stan.kz.

Сол күні-ақ, әжетхана жу деп қысым жасалғанын, бірақ өлсе де ондай жұмыс істемейтіндігін айтып отбасына хат жазған. Түннің бір уағында "арада кикілжің шықты және әңгімеге тартып жатыр" деп аудио хабар жіберген. Кіммен сөйлескені белгісіз. 

Қарашаның 29-ы командир жас жігіттің туыстарына хабарласып, оның өлімін естірткен. Командирдің айтуынша, турникте жаттығу жасап тұрған кезінде халі нашарлаған. Жедел жәрдем шақырылғанына қарамастан, дәрігерлердің қолынан ештеңе келмеді. Қазіргі таңда оқиға себептері анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары