04.12.2019, 09:30

Қалын алдырып тастаған қыз бес ми ісігіне шалдықты

фото: Daily Mail
Дәрігерлер компьютерлік томография бойынша бес ми ісігін және қатерлі ісіктің бауырына, өкпесіне және сүйектеріне ауып кеткенін анықтаған.

Daily Mail 20 жастағы америкалық Маккен Картерде қалын алдырып тастағандықтан бес ми ісігі пайда болған, - деп хабарлайды Vesti.ru-ға сілтеме жасап Tengrinews.kz.

2017 жылы америкалық қызда меланоманың бірінші деңгейі анықталған. Сондықтан, дәрігерлер оның арқасындағы қалды алдырып тастауға шешім қабылдаған. Дәрігерлер де, қалын алдырған қыз да қатерлі ісіктің көзі жойылғанына сенімді болған. 

 Бір жылдан кейін Маккен Картер тұмау белгілері мен басының жиі ауыратынын байқаған. Дәрігерлер компьютерлік томография бойынша бес ми ісігін және қатерлі ісіктің бауырына, өкпесіне және сүйектеріне ауып кеткенін анықтаған. 

 20 жастағы америкалық қыз бірден химиотерапия курсын бастағанымен ем-дом шарасы көмектесе алмаған. Ісіктің бірі қансырап, оны алып тастауға тура келген. Жарты жылғы ем нәтижесіз болған. Сөйтіп Картер өлімге дайындала бастаған. Науқастың сөзінше, сол сәтте ол қайтыс болатынын сезген.   

Тегтер: қатерлі ісік