АҚШ-тың Висконсин штатында пышақ ала жүгірген жасөспірім тәртіп сақшысын жаралады, деп жазады Хабар 24. Қарсы жауап ретінде полицей оны атып өлтірген. Кейін анықталғандай, бақилық болған бала небәрі 16 жаста болған.
Әзірге мектеп оқушысының мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, полицей мен оқушы арасында кикілжің болғанға ұқсайды. Қазір осы дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.