Өзбекстанда Маргилан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Эльёр Тухтаматов үйінде асылып қалған жерінен табылды. Бұл туралы 3 желтоқсанда елдің бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Оқиға туралы мәлімет қаланың ішкі істер басқармасына 30 қарашада келіп түскен. Эльёр Тухтаматов Ферғанадағы үйдің жертөлесінде сымға асылып қалған.
Қазір жергілікті прокуратура тергеуге дейінгі тексеру істерін жүргізіп жатыр.
35 жастағы Эльёр Тухтаматов 2018 жылдың тамызында Маргилан әкімі орынбасарлығына тағайындалып, 2019 жылдың сәуір айында өз арызы негізінде қызметінен босатылған.