$ 494.87  520.65  4.91

Шенді жемқорлардың зәулім үйлерін тәркілеп, балабақшаға айналдырмақ

Ірі шенді жемқорлардың аса жайлы зәулім үйлері, қымбат көліктері, бағалы заттары мен бума-бума қолма-қол ақшасы табылды.
фото: 217.174.238.56
фото: 217.174.238.56

Түркіменстанда бұрынғы Ішкі істер министрі мен президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы сотталды. Исгендер Муликов пен Мейлис Нобатов ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталып, сотталған, деп хабарлайды CA-NEWS (TM).

Ірі шенді жемқорлардың аса жайлы зәулім үйлері, қымбат көліктері, бағалы заттары мен бума-бума қолма-қол ақшасы табылды.

Тәркіленген байлықтың жалпы сомасы айтылмайды, бірақ президент Бердымухамедов "аталған тұлғалардың ұрлаған байлығы халықтың ақшасы болатын" деп, ІІМ қазіргі басшысына ол ақшаны банктегі арнайы шоттарға аударып, оған мектеп, аурухана, демалыс үйі, балабақша немесе халыққа баспана салуды тапсырды.

Мемлекет басшысы тәркіленген жайлы үйлер балабақшаға айналдырылсын немесе ІІМ, прокуратура, хәкімлік және өзге де органдардың пайдаланылуына берілсін деген бұйрық берді.

Дереккөз: Zakon.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары