$ 498.34  519.72  4.85

Франциядағы бейбіт шерулердің ақыры ерегіске әкеп соқты

Заң бұзған ондаған тұрғын темір торға қамалған.

Тәртіп сақшылары ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Алдын ала ақпарларға сәйкес, зейнетақы реформасына қарсы наразылық акциясына мемлекет бойынша 1,5 миллондай адам шықты. Кәсіподақ жалпыұлттық ереуіл алғашында бейбіт түрде өтеді деген еді. Дегенмен, полициямен ерегіскен ереуілшілер де табыла кетті. Заң бұзған ондаған тұрғын темір торға қамалған. Наразы халық кемінде дүйсенбіге дейін ереуілдетеміз деп отыр. 

Айта кетейік, бұл 1995 жылдан бергі ең ауқымды толқулар. Француздықтар президент Макронның зейнетақы реформасына өзгертулер енгізуіне қарсылық танытып отыр. Ал мемлекет басшысы бұл жүйенің қымбатқа түсетінін айтып, жаңашылдық керектігін айтады.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары