09.12.2019, 14:45

«Ең интимді»: көзілдірігіне жасырын камера орнатқан гинекологтың былығы әшкереленді

фото: ru.oxu.az
Студент қыз былтырғы жылы Матуриннің компьютерінен кездейсоқ жағдайда екеуінің жыныстық қатынасқа түскен кездерінің видеосын аңғарып қалған. Мұны білген гинеколог қызға «полицияға шағымдансаң, сені өлтіріп, ал эротикалық суреттеріңді желіге таратамын» деп бопсалап, қорқытады.

Көзілдірігіне жасырын камера орнатқан ер гинеколог Ұлыбританиядағы Суррей графтығына қарасты Редхилл қаласында орналасқан ауруханада қызмет етеді. Ол жұмыс барысында пациенттерінің "ең интимді" жерлерін түсіріп алып жүрген екен. Осы заңсыздығы үшін ол қамауға алынды, деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru -ге сілтеме жасап.

Полицияға арыз түсірген бір әйелдің әрекетіне байланысты Джомо Матурин есімді 49 жастағы азамат ұсталды. Оны тінту кезінде гинеколог түсірген 15 фотосурет жәнет 96 бейнетаспа табылған. Видеода дәрігерге келіп қаралушы пациенттің ештеңеден сезіктенбегені байқалған.  

Сот істі қарай келе, Матурин 2016 жылы 19 жастағы студент қызға оқуына көмектеспек болып, ұсыныс жасағаны белгілі болады. Сол кезде әлгі қыз мейірбике-практикант болып дәрігердің қарамағында жұмыс істеген екен. Дәрігер болса, аурухананың беделді қызметкерлерінің бірі болатын. Сол жылдың қыркүйек айында практикант пен дәрігер көңіл жарастырып, шамамен 2 жыл бойы бір-бірімен жақын қарым-қатынас орнатады.

Студент қыз былтырғы жылы Матуриннің компьютерінен кездейсоқ жағдайда екеуінің жыныстық қатынасқа түскен кездерінің видеосын аңғарып қалған. Мұны білген гинеколог қызға «полицияға шағымдансаң, сені өлтіріп, ал эротикалық суреттеріңді желіге таратамын» деп бопсалап, қорқытады. Сондықтан жәбірленуші қыз гинекологтан қорыққандықтан әрі қарай да кездесуін жалғастыра береді. 

Әйтсе де, 2019 жылдың 2 қаңтар күні шыдамы мен төзімі әбден бітіп, басынан өткен жайттарды бірге оқитын құрбысына жайып салады. Осы оқиғадан кейін құрбысымен бірге полицияға барып, гинекологтың үстінен шағым түсіреді.

10 желтоқсанда Матурин отбасымен бірге үйінде отырған кезінде қамауға алынады. Соттың үкімі шыққанша, басын арашаламақ болып, кейбір заттардың әйеліне тиесілі екендігін айтқан ол, өзін тексеруге рұқсат бермей қояды.

Айтпақшы, студент қыздың жатақханасынан да бірнеше жерден жасырын камералар табылған. Ал гинекологтың жеке өзінен 100-ден аса эротикалық бағыттағы жазбалар табылыпты.

Міне, осындай айғақтарға сүйене отырып, 5 желтоқсанда сот гинекологты 14 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады.