Ливанның солтүстігіндегі Триполи қаласында халықтың жаппай бас көтеруі басылар емес. Әдеттегідей наразылық акциясы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Хабар 24.
Естеріңізге салайық, аймақта қазанның 17-сінен бері жалғасып жатқан жаппай ереуілге қатаң үнемдеу шаралары түрткі болды. Ливан жұрты Харири бастаған коалициялық үкіметтің антикризистік жоспарына наразы. Бұған қоса саясаткерлердің WhatsApp арқылы жасалатын қоңырауларға салық салу жоспары да Ливандағы жағдайды ушықтырған болатын.
Елдің премьер-министрі отставкаға кетсе де халықтың көңілі толмай отыр. Енді тұрғындар биліктің түбегейлі отсавкаға кетіп, кезектен тыс сайлау өткізуді талап етуде.