Чехия премьер-министрінің бірінші орынбасары және ішкі істер министрі Ян Гамачек солтүстік-шығысындағы Острава қаласындағы ауруханада отырған сырқаттарға белгісіз біреу оқ атқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды bbc.com-ға сілтеме жасап Aikyn.kz.
Басында Ян Гамачек төрт адамның қайтыс болғанын және екі адамның жараланғанын хабарлаған, бірақ кейінірек жаралы екі адамның да қайтыс болғаны анықталды. Бұл ақпаратты премьер-министр Андрей Бабиш те растады.
«Атыс салдарынан зардап шеккендер аурухананың күту залында отырған пациенттер екені анықталды. Бақытымызға орай, күту залында отырғандардың саны аз болды», – деді Андрей Бабиш журналистерге.
Чехия полициясы бойы шамамен 180 сантиметрлік қызыл күрте киген күдікті адамды іздеуде. Аурухананың айналасы қоршалған.