11.12.2019, 04:29

Аустралияда өршіп тұрған орман өртінен Сидней күлге айналды

Фото: Enjoy
Өйткені судың түсі қап-қара түске боялған.

Аустралияда өршіп тұрған орман өрті салдарынан Сидней жағажайы күлге толды. Өңірге ағылған туристер суға түсе алмай жатыр, деп жазады 24.kz.

Өйткені судың түсі қап-қара түске боялған. Жергілікті билік орман өртінің залалы артып отырғанын айтады. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтай алмай әлек. Оған күн райының қолайсыздығы себеп. Қызыл жалынды өшіру үшін 1 мың 600 маман жұмылдырылды. Синоптиктер алдағы күндері аймақта ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі деп болжам жасап отыр.

Тегтер: Аустралия өрт