12.12.2019, 06:32

Прагада үкімет басшысына қарсы наразылық шеруі өтті

Фото: 24.kz
Ондаған мың адам Прага көшелеріне шығып, үкімет басшысының отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

Чехияда премьер-министр Андрей Бабишке қарсы наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ондаған мың адам Прага көшелеріне шығып, үкімет басшысының отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Оған Бабиштің «Агроферт» деп аталатын елдегі ең ірі агрохолдингпен байланысы себеп. Өйткені Еурокомиссия осы бірлестікті тексеруден кейін Бабиш Еуроодақ тарапынан бөлінген кей қаржыны холдингке бөлуге көмектескен деп жариялады. Чехия бас прокуроры іске қатысты тергеу бастады. Ал Бабиш өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.