Ливан астанасы Бейрутта тағы наразылық шеруі өтіп, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ақпарға қарағанда, «Хезболла» тобы мен «Амаль» қозғалысын жақтаушылар шаһар орталығындағы шерушілерге өтпек болып, полицейлермен қақтығысқа түскен.
Еске сала кетейік, Ливанда үкіметке қарсы наразылық шерулері қазан айынан бері жалғасып келеді. Оған сыбайлас жемқорлық түрткі болды. Шерушілер биліктен саяси жүйені өзгертуді талап етіп жатыр. Өткен айда үкімет басшысы Саад Харири қызметінен кетті. Бірақ бұл саяси дағдарысты шешпеді.