$ 494.87  520.65  4.91

Жанартаудың атқылауынан 6 адам мерт болды

Жанартау атқылаған сәтте жақын маңда шамамен жүз адам бар еді.

Жаңа Зеландия полициясының баспасөз қызметі Уайт-Айленд аралындағы жанартаудың атқылауынан қаза тапқан алты адамның мүрдесі табылғанын ТАСС-қа мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Уайт-Айленд аралынан табылған алты адамның мүрдесі қазір Wellington күзет кемесіне жеткізілуде» делінген хабарламада.  

Қазіргі таңда Жаңа Зеландияның күйік орталықтарында жанартау атқылауынан зардап шеккен 17 адам жатыр. Олардың 13-еуі - ауыр хәлде. 11 зардап шегуші Австралияға жіберілді. 

Естеріңізге сала кетейік, жанартау атқылаған сәтте жақын маңда шамамен жүз адам бар еді. Жанартаудың атқылауы Уайт-Айленд аралында жергілікті уақытпен сағат 14:15-те болған. Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық агенттік қазір төнуі мүмкін қауіптің деңгейін бақылауда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары