$ 494.87  520.65  4.91

Жаңа туған сәбиді ұрлаған әйел оны сатып жіберген

Қытайда үш жыл бұрын ұрланған және баласыз отбасына сатылған қыздың биологиялық ата-аналары іздестірілуде.

2016 жылдың қараша айында белгісіз әйел Хебей провинциясындағы ерлі-зайыптыларға жаңа туған нәрестесін сатып алуды ұсынды. Олар келісіп, әйелге 70 мың юань (626 мың рубль) төледі. Үш жыл бойы отбасы оны өз қызы ретінде тәрбиелеп өсірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Баланы ұрлап кеткені белгілі болған кезде оның асырап алушы анасы 32 жастағы Чжан Сю қамауға алынды. Қыздың ұрланған бала екенін оның өзі не күйеуі де білмеген. Олар белгісіз мерзімге бала асырап алу құқығынан айрылды, ал қыз уақытша басқа жұпқа берілді.

Сюдің отбасы баланы әлі де қайтаруға болады деп үміттенеді.

«Біз оны әлі де өз баламыздай тәрбиелегіміз келеді, бірақ егер анасы табылса, біз оны қайтарып береміз. Егер анасы табылмаса, біз оны асырап алғымыз келеді», - дейді қайын енесі Чжан Сю. -

Аудандық азаматтық басқару бюросы басшысының орынбасары Чжан Цижанның айтуынша, егер биологиялы ата-аналар 2020 жылдың соңына дейін табылмаса, қыздан уақытша асырап алушы ата-аналарын қабылдауды сұрайды.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қытай