Тайлық Пхангнга қаласының тұрғыны күйеуінен түсік тастағанын жасыру үшін бала ұрлауға барған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Биылғы жылдың қарашасында 27 жастағы Шривалак Акетхамсатин құрсағындағы баласынан айрылып қалды. Бұл жайында жұбайына айтуға қорыққан ол, екіқабат әйелдің кейпін танытып жүре берген. Желтоқсан айында күйеуіне босану үшін ауруханаға кетіп, түнде сонда қалатынын айтып шығып кеткен.
Перзентханада жас әйел жаңа ғана қызды болған отбасымен танысады. Келесі күні таңертең Шривалак олардан балаларымен серуендеуді өтінеді. Жағдайды пайдаланған ол, жаңа туған нәрестені ұрлап әкетіп, күйеуіне апарады. Өз кезегінде күйеуі еш күдіктенбестен оны туған баласы деп қабылдаған.
Алайда, Шривалактың ауруханадан қашқаны бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Сол күні-ақ полицейлер әйелді ұстап, тұтқынға алды. Шривалак Акетхамсатин жасаған қылмысын мойындады. Енді оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.