Тұрмысқа шыққалы жүрген қалыңдық өзіне адал емес күйеужігітінің "қылмысын" біліп қойды. Ол мұны білу үшін арнайы маманның қызметіне жүгінді. Британдық әйел қарым-қатынасқа адалдық танытпаған жігіттің қалыңдығының тапсырмасымен той алдында оны аңдып, болашақ жарының көзіне шөп салғанын біліп қойды, деп жазады imag-one-ға сілтеме жасай отырып Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осыдан үш жыл бұрын Чиппинг-Нортон қаласының Окфордшир графствосында тұратын 36 жастағы Тиффани Райт есімді кісі болашақта отбасын құруға ниеттенген жұптардың бір-біріне адалдығын тексеруге қолұшын созатын арнайы компания ашқан.
Кәсібі арқылы ол қалыңдықтардан тапсырыс алып, олардың күйеужігіттерінің ер адамдардың қатысуымен ғана өтетін кеш ұйымдастырады. Нәтижесінде, олардың ізінен тыңшылық жасап, жасырын әрекеттерін қалыңдықтарына жеткізіп отырған.
Сөйтіп ол, клиентінің тапсырмасы бойынша Лондондағы стрипклубтардың біріне барып, бойдақтықпен қоштасып, сайран салған күйеужігіттің соңына түседі. Нәтижесінде, Тиффани Райт 6 стриптиз бишімен жеке бөлмеге кіріп кеткен күйеужігітті байқайды. Оның бөлмеде жыныстық қатынасқа түскенін, айналасында көңіл көтеріп жүрген достарының сөзіне құлақ асу арқылы біліп қояды да, осы оқиғалардың барлығын қалыңдыққа жеткізеді.
Мұны білген қалыңдық тұрмысқа шығудан бірден бас тартыпты.