$ 494.87  520.65  4.91

46 жастағы әйел өлім жазасына кесілген ер адамға тұрмысқа шықпақшы

Дженкинс түрмеден шыға салып, көшеде кетіп бара жатқандарға қарсы оқ жаудырған.

АҚШ-тың Техас штатындағы Лаббок қаласының тұрғыны өлім жазасына кесілген қылмыскерге ғашық болып, оған тұрмысқа шықпақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2013 жылы тамыз айында Никко Дженкинс есімді азамат  Небраска штатаныда төрт адамның өмірін қиғаны үшін өлім жазасына кесіліпті. Дженкинс түрмеден шыға салып, көшеде кетіп бара жатқандарға қарсы оқ жаудырған. 

Сот барысында ол өзін есі дұрыс емес деп табу үшін қитұрқы әрекеттерге барыпты. Ол өзінің тілі мен жыныс мүшесін екіге кесіп, бетіне "666" деп ұстарамен тіліп  жазыпты. Психиатрлар оны ақыл-есі кем екендігін айтыпты. 

46 жастағы Доун Аргуэльо түрмеде құқық қорғаушы топта ерікті болып жүргенде Никконы ұнатып қалған. Әйелдің айтуынша, қылмыскер БАҚ-та көрсетілгендей айуан емес, керісінше ол өте сезімтал және ақылды адам көрінеді.

Дегенмен Аргуэльо сүйіктісі Дженкинс өзінің бетіне оның атын жазып алғанына көңілі түсіпті. 

"Оның өз-өзін қинауы қажет емес", - деді Аргуэльо. 

Екі "жастың" үйлену туралы сөз байласқаны әзірге беймәлім. Оның үстіне Аргуэльо басқа штатта тұратындықтан сүйіктісімен жиі кездеспейді, ал түрмеде ұзaқ кездесу уақытына тыйым салынғандықтан олардың жағдайы мүлдем қиындапты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары