Үндістандағы жағдай ушығып барады, хабарлайды «Хабар 24».
Ашуға булыққандар бір аптадан бері ереуілдетіп жатыр. Кей ақпарат көздерінің хабарлауынша, наразылық акцияда қаза тапқандардың саны 7-ге жетті. 1200-ге жуық адам қамауға алынды. Олардың арасында оппозиция өкілдері де бар. Наразы халық тәртіп сақшыларымен қақтығысқа түсіп жатыр. Жиналған жұртты тарату үшін полиция шоқпар мен көз жасаурататын газ қолданды. Қазір бірнеше ірі қалаларда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жергілікті билік 20 метро станциясының жұмысын тоқтатты, сонымен қатар аймақтағы ғаламторды бұғаттап тастады.
Естеріңізге салайық, үнді халқы 12 желтоқсан күні елде қабылданған жаңа заң жобасына қарсы. Құжатқа сәйкес Үкімет көрші 3 мемлекеттен келген мұсылман емес мигранттарға Үндістан азаматтығын алу үдерісін жеңілдеткен болатын. Халық ел президенті Модидің елде тек индуисттердің ғана қалуын қалайды деп дабыл қағып отыр.