Жартылай орта салмақта өнер көрсететін 28 жастағы қазақстандық Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) америкалық қарсыласын нокаутқа жіберіп, кәсіби мансабындағы 9-ыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Даниярдың қарсыласы – WBC Continental America-ның бұрынғы чемпионы Алан Санчес (20-4-1, 10 КО). Жекпе-жек соның Отаны – Аризона штатының Финикс қаласында өтті. Екеуінің 10 раундқа арналған кездесуі әйгілі Дэниэл Джейкобс пен Хулио Сесар Чавестің жекпе-жегін ашты.
Шаршы алаңда шиыршық атқан Елеусінов алғашқы раундтарда-ақ қарсыласының мысын басып, ауыр соққының астына алды. Осылайша, төрешіге матчтың аяқталғанын белгілеуге тура келді. Себебі, өзінің бокстағы мансабында осымен 5-інші рет жеңіліп тұрған Алан Санчестің көзі көрмей, беті қатты ісіп кеткен еді. Жеңіске жеткен қазақ спортшысының еншісінде – техникалық нокаут.
Еске сала кетсек, Данияр Елеусінов биыл қатарынан 4 жекпе-жектен өтті. Олардың бәрі сәтті болды. Жалпы, оның осымен 9 жеңісінің 5-еуі – нокаут.
Данияр АҚШ-та осы дивизиондағы әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Теренс Кроуфордпен (36-0, 27 KO) де кездескен болатын. Айта кетсек, сондағы Елеусінов кездескен бірқатар белгілі кәсіпқой боксшылардың қатарындағы Кроуфорд былтыр Даниярдың мылжа-мылжасын шығарамын деп бөскен болатын.