Францияда хирург отыз жыл ішінде 349 балаға жыныстық қысым көрсетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сегодня сайтына сілтеме жасап.
Кәсіби қызметінде 30 жылдан бері кәмелеткен толмаған пациенттерді қарап келе жатқан хирург
Джоэль Лу Скуарнектің қысымына тап болғандардың саны 349-ға жетті. Бұл фактілердің кейбірінің мерзімі өтіп кеткен. Қазір 229 адам түсінік берсе, олардың ішінде 197-сі ғана нақты арыз жазған. 68 жастағы хирургке қатысты тергеу 2017 жылы басталған.
Ол кезде алты жасар қыз анасына дәрігердің өзіне қысым жасағанын айтқан. Тергеу осы оқиғадан кейін басталыпты. Сондай-ақ оның үйінен қай балаға қандай сипатта жыныстық қысым жасалғаны туралы ақпарат жазылған жазбалар табылған. Қазір дәрігер қамауда отыр. Келесі жылдың наурыз айында хируг балаларға жыныстық қысым көрсету әрекеті бойынша сот алдында жауап береді.