Өзбекстанда екі әйел балабақшалардың бірінде балаларға улы тамақ беруді жоспарлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Repost.uz-ге сілтеме жасап.
Жергілікті Мектепке дейінгі білім беру министрлігінің мәліметінше, бұл ақпарат бірден әлеуметтік желілерге кеңінен тарап кеткен. Сол себепті, әйелдерге қатысты тергеу басталды.
Қазір олардың осындай жауыздыққа мекеме директорын қызметінен тайдыру мақсатында бармақ болғаны анықталып отыр.
«21 желтоқсанда әлеуметтік желілерде белгісіз екі әйелдің телефонмен сөйлескен аудиожазбасы таратылған. Сол кезде балабақша балаларын улау арқылы аталған мекеменің меңгерушісін қызметінен босату жоспары талқыланған» делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Өзбекстанда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың улану оқиғалары жиілеген. Мысалы, биылғы қазан айында Бекабадта 19 бала уланып қайтыс болғаннан кейін балабақша меңгерушісі, аспаз және медбикесі жұмыстан шығарылған. Ал маусым айында Өзбекстанның Сырдария облысының балабақшасында балалар ауыз су ішкеннен кейін жаппай уланған болатын.