25.12.2019, 16:30

Шатқалға автобус құлап, 28 адам қаза тапты

фото: twnews.es
Автобуста барлығы 40 адам болған. Зардап шеккендер жақын арадағы ауруханаға жеткізілді.

Индонезияның Оңтүстік Суматра провинциясында автобус шатқалға құлап, 28 адам қаза тапты. Оның ішінде балалар да бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Today.kz-ке сілтеме жасап.

Benteng Telau құтқару қызметі басшысының айтуынша, автобуста барлығы 40 адам болған. Зардап шеккендер жақын арадағы ауруханаға жеткізілді.

Құтқару қызметінің айтуынша, эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Соған орай, қаза тапқандардың саны артуы да мүмкін. Ал оқиғаның себептерін жергілікті полиция анықтауда.