27.12.2019, 17:30

85 мың доллар жалақы алғыңыз келсе...

фото: pixabay.com
Австралияның антарктикалық бөлімінде қазіргі таңда 150-ге жуық маманға бос жұмыс орны бар.

Жер шарының Оңтүстік полюсінде жалақысы жоғары жұмыс істеуге болады. Мәселен, Антарктида станцияларының бірінде орташа есеппен 85 мың долларға дейін жалақы төленетін жұмыс бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Австралияның антарктикалық бөлімінде қазіргі таңда 150-ге жуық маманға бос жұмыс орны бар. Тіпті, жоғары жалақыдан бөлек, мұнда тамақ, жатын орын, басқа да кететін шығындарды компания өз есебінен төлеп береді. Оған қоса, жердемақы төлемі бар.

Мысалы, бұндағы дәрігерлер шамамен 199 мың доллар жалақы алса, оған 61 мың доллар жалақы қосылады. Сантехник, электрик, ұста мен IT-мамандар 90 мың доллардан жалақы алады. Осы мамандардың барлығын қосқанда, ғылыми базада 100 қызметкер еңбек етді. Қыс мезгілінде мамандардың саны 25 пайызға қысқартылады екен.