Қытайда адам өміріне аса қауіп төндіретін ауру таралуда. Тіпті, бұл аурудың емін дәрігерлер әлі таппаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Қытайдың Хубэй провинциясына қарасты Ухань қаласында дәрігерлер дабыл қақты. Олар қалалық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға сақ болыңыздар деп ескерткен.
«Өкпе қабынуы дертінің белгісіз түрінің тарап жатуына байланысты медициналық мекемелер статистика жүргізудеміз. Емделушілердің жағдайын жіті қадағалауларыңызды сұраймыз. Маңызды ақпарат шықса, тез арада жіберіңіздер!", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Жергілікті БАҚ деректеріне сүйенсек, дәрігерлер әлі аурудың нақты емін таппаған. Дегенмен, дертті жұқтырған науқастар оқшауланған түрде ем қабылдап жатыр екен.
Желтоқсан айында Уханьда 27 адам пневмония ауруының (өкпе қабынуы) белгісіз түрін жұқтырған. Ауру жұқтырғандардың жетеуінің жағдайы ауыр жағдайда болса, екі адам дерттен айыққан. Олар жақын уақытта ауруханадан шығарылады.