$ 494.87  520.65  4.91

Әлем картасында енді Голландия деген мемлекет жоқ

Тарихи деректерге сүйенсек, І Петр дипломатиялық сапардан еліне оралған соң қателікпен Голландия деп атаған.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті билік, жеке компаниялар мен университеттер тек Нидерланды атауын қолданады, деп хабарлайды Stan.kz, The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Үкіметтің пікірінше, бұндай шешім туристік ағымды қайта үлестіреді. Қазір саяхатшылардың көпшілігі тарихи Голландияға Амстердам, Харлем, Гаага қалаларымен барады. Олар туристік ағымға төтеп бере алмайды.

Билік атауын өзгерту арқылы олар туристердің танымал емес аймақтарға қызығушылығын тудыруға, сондай-ақ, «нашақорлар үшін жұмақ» имиджінен арылуға ниетті.

Сонымен бірге, «қызыл жарық аудандарына» экскурсиялар толығымен дерлік жойылып, заңсыз сойқандардың саны азайды. Ел билігі бұл атауды реформалау үшін шамамен 200 мың евро бөлді.

Солтүстік және Оңтүстік Голландия – Нидерландыда орналасқан екі провинция. Тарихи деректерге сүйенсек, І Петр дипломатиялық сапардан еліне оралған соң қателікпен Голландия деп атаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары