$ 494.87  520.65  4.91

Apple компаниясының акциясы 300 доллардан асып түсті

Apple-дің жалпы нарықтық капитализациясы 1,33 трлн долларға жетеді. Капитализация бойынша екінші орында 1,23 трлн доллармен Microsoft келе жатыр.
фото: fromua.news
фото: fromua.news

2009 жылдан бері америкалық компания қағаздарының бағасы он еседей қымбаттаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, baq.kz-ке сілтеме жасап.

2 қаңтарда америкалық Apple компаниясы акцияларының бағасы алғаш рет 300 доллардан асты. Бұл туралы Financial Times басылымы жазды. Сауда жабылғанға дейін компания қағаздарының бағасы 2,3%, яғни 300,35 долларға дейін өскен.

Apple-дің жалпы нарықтық капитализациясы 1,33 трлн долларға жетеді. Капитализация бойынша екінші орында 1,23 трлн доллармен Microsoft келе жатыр.

Apple акциялары 2018 жылдың тамызында алғаш рет 200 доллардан асқан болатын. Ал 2009 жылдан бері компания қағаздарының құны он есеге дейін өсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары