$ 494.87  520.65  4.91

«Microsoft» 14 қаңтардан бастап бір операциялық жүйесін тоқтатады

"Windows 7 ескірген гаджеттерде көпфакторлы аутентификация платформасы мен техника иесінің келбетін, саусақтың немесе алақанның ізін анықтауға мүмкіндік бермейді", - делінген алпауыт корпорацияның хабарламасында.
фото: segodnya.ua
фото: segodnya.ua

 Microsoft корпорациясы 14 қаңтардан бастап Windows 7-ні қолдауын тоқтатпақ. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Ria.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

 Корпорация мәліметінше, аталмыш операциялық жүйені қолданушылардың бұл нұсқаны ауыстыруға 10 шақты күн уақыты бар. Өйткені, Windows 7 бұдан былай жаңартылмайды әрі қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етпейді.

"Windows 7 бұдан 10 жыл бұрын киберқауіпсіздік  жүйесі мүлдем басқа болған жағдайда ойлап табылған болатын. Кибершабуылдардың жаңа түрлерінің үдеуі - қауіп-қатер тұрғысынан операциялық жүйені қайта қарастыруға себеп болып отыр.Енді Microsoft корпорациясы Windows 10-ды жетілдіруге күш жұмсайды", - дейді Microsoft-тың баспасөз  қызметі.

 Алдағы уақытта Windows 7 орнатылған компьютерлер 2020 жылдың 14 қаңтарынан бастап хакерлер ашық шабуылдайтын алаң болуы мүмкін. Осыған байланысты оны әзірлеушілер бұл жүйені жаңарту керектігін мәлімдеген. Бір жағынан заманауи талаптарға сай болмауы да оның жұмыс істеуін тоқтатуға себеп болуда.

 Оған қоса, "Windows 7 ескірген гаджеттерде көпфакторлы аутентификация платформасы мен техника иесінің келбетін, саусақтың немесе алақанның ізін анықтауға мүмкіндік бермейді", - делінген алпауыт корпорацияның хабарламасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары