Мұндайды ешкім күтпеген оқиға. Нигериялық әйел рәсім орындау кезінде ұлымен кездесіп жүрген қыздың жүрегін жеп қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Басылым мәліметіне сүйенсек, былтырғы жылдық желтоқсан айында 22 жастағы студент хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Жоғалған Фавур Далей-Оладеле есімді студент Лагос университетінің социология факультетінде оқитын болған.
Бұл оқиға зерттеле келе, қыздың кездесіп жүрген 23 жастағы Адееко есімді жігіт оны сол күні қонақүйге апарып, есірткі бергені анықталды. Содан кейін жігіті сүйіктісін пастор Сегун Филип басқаратын шіркеуге апарған.
Құқық қорғау органы қызметкерлерінің сөзіне сенсек, сол жерде Адееко кездесіп жүрген қызының басынан ұрған. Әрмен қарай, пастор қыздың тамағын тіліп, кеудесін кесіп, ішкі мүшелерін, оның ішінде, жүрегін де алып әлгі алынған мүшелерден Филип арнайы тағам жасаған. Дайын болған тамақты байлық әкеледі деп, Адееко мен оның анасы Болаға жегізеді.
Тамақтану барысында ештеңеден күдіктенбеген Бола болса, қыздың етін жегенін сезбей де қалыпты. Себебі, оған ұлы тамақтың қозының ішектері мен еттен әзірленгенін айтқан.
Қазіргі таңда ұлы мен анасы түрмеге тоғытылған.