$ 447.4  477.55  4.76

2019 жылы әлемдік футболда ең көп көрермен жинаған ойындарды білесіз бе?

Ең көп көрермен жиналған матчтардың толық тізімі мынадай...
фото: kramola.info
фото: kramola.info

Transfermarkt порталы 2019 жылғы әлемдік футболдағы ең көп жанкүйер жиналған ТОП-10 матчты анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz, «Чемпионат» порталына сілтеме жасап.

Бірінші орынды «Камп Ноу» стадионында өткен 2018/19 маусымындағы Чемпиондар лигасының жартылай финалы, «Барселона» - «Ливерпуль» ойыны алды. Оған 98 299 көрермен жиналды. Бұл кездесу каталондық команданың пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.

Ең көп көрермен жиналған матчтардың толық тізімі мынадай:

1. «Барселона» - «Ливерпуль» («Камп Ноу», Барселона, 1 мамыр) - 98 299 көрермен;

2. «Кайзер Чифс» - «Орландо Пайретс» («Соккер Сити», Йоханнесбург, 9 қараша) - 88 000 көрермен;

3. «Манчестер Сити» - «Уотфорд» («Уэмбли», Лондон, 18 мамыр) - 85 854 көрермен;

4. Жыл бойы болған бірнеше матч («Зигналь Идуна Паркі», Дортмунд) - 81 365 көрермен;

5. «Реал» - «Барселона» («Сантьяго Бернабеу», Мадрид, 27 ақпан) - 80 472 көрермен;

6. Жыл бойы болған бірнеше матч («Азади», Тегеран) - 80 000 көрермен;

7. Франция - Албания («Стад де Франс», Сен-Дени, 7 қыркүйек) - 78 000 көрермен;

8. «Милан» - «Интер» («Сан-Сиро», Милан, 17 наурыз) - 77 749 көрермен;

9. Несколько матчей по ходу года («Альянц Арена», Мюнхен) - 75 000 көрермен;

10. «Герта» - «Боруссия» Дортмунд («Олимпиадалық стадион», Берлин, 16 наурыз) - 74 667 көрермен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары