$ 443.35  475.54  4.82

Экс-сүйіктісінен кек алған әйелдің ерсі әрекеті көпке ұнады (ВИДЕО)

Тіпті, әйел жүріп жүрген жігітін өзінің балаларымен де таныстырған екен.
Фото: Lenta.ru
Фото: Lenta.ru

Жігіті көзіне көп шалған әйел сүйіктісінен кек алды. Онымен қоймай, кек алу үшін жасаған әрекетін видеоға түсіріп алған. Оның бұл ісінің видеожазбасын әпкесі Twitter әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Жігітінен кек алған әйелдің әпкесі, олардың қарым-қатынасы бір жылға дейін жалғасқанын айтты. Тіпті, әйел жүріп жүрген жігітін өзінің балаларымен де таныстырған екен.

Видео авторы алдымен бұрынғы сүйіктісінің тіс щеткасымен унитазды тазалаған. Одан кейін экс-сүйіктісінің заттарын бүлдіріп, іш киімдері мен тұрмыстық заттарының быт-шытын шығарған. Дәл осы әрекеттері түсірілген видео  әлеуметтік желіде 5,2 миллион қаралым  жинаған. 129 мың желі қолданушысы "Ұнайды" деген белгіні басқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары