$ 494.87  520.65  4.91

Шашын мүлдем бұйралап көрмеген ару қолаң шашты болудың екі тәсілін атады

Қолаң шашты қыз шашын ешқашан фенмен кептірмеген екен. Тіпті, шашын бұйралау үшін арнайы құралды да қолданып көрмепті.
Фото: fb.ru
Фото: fb.ru

Қыз-келіншектер үшін қолаң шашқа қол жеткізу арман. Бірақ оған жету үшін екі шартты орындау керек, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Lifter.com.ua дерегіне сілтеме жасап.

Ең алдымен, шашты өсіру үшін барынша шыдамды болып, оған ерекше күтім жасау маңызды. Екіншіден, шаштың жақсы өсуі генге байланысты: егер шашыңыз дүниеге келген сәттен бастап сынғыш әрі сирек болса, мұндай жағдайда косметикалық заттар мен түрлі сусабындардыі әсері болмайды.

Шаш өсірудің екі тәсілінде де 34 жастағы одессалық Алена Кравченконың жолы болып тұр.Таныстары оның шашының ерекшелігі мен ұзындығына қарап,Рапунцель деп атайды.

Фото: texman.ru

«Мұндай шашпен жүру, оған үнемі күтім жасау маған қиын емес.Себебі шашым мен үшін бақыт, ұзын шаш – сұлулығым және байлығым!», – дейді Алена.

Айтпақшы, қолаң шашты қыз шашын ешқашан фенмен кептірмеген екен. Тіпті, шашын бұйралау үшін арнайы құралды да қолданып көрмепті. Оған қоса, шашын ылғал,су күйінде тарамайды екен. Алена шашын өсіргісі келетін арулар үшін кеңесін де айтып берді. 

Бұрымды қыздың сөзіне сенсек, нәрлендіру үшін табиғи маскалар, түрлі майларды қолданған жөн.Мұнан өзге, кептірілген жемістер, жаңғақтар мен үй сүзбесін жиі тұтынуға кеңес береді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шаш #қолаң шаш