Әлем 06.01.2020 сағат 10:40

«Бұл бір қатал әңгіме болды»: Иран генералдың өлімі үшін АҚШ-тан кек алмақ (ВИДЕО)

Сондай-ақ Дехган Америкаға шабуыл жасалса, Иранның 52 нысанына ауыр соққы жасауға уәде берген АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзіне жауап берді.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Иран жоғары басшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN-ге берген сұхбатында Тегеран ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын және бұл шара америкалық әскери нысандарға қарсы бағытталатынын айтты.  

"Жауабымыз олардың әскери нысандарына бағытталады. Сіздерге бір нәрсе айтайын: еліміздің билігі соғысқа ұмтылмағанын және ұмтылмайтынын ресми түрде мәлімдеген. Соғысты Америка бастап отыр. Сондықтан олар сол әрекетіне біздің жауабымызды қабылдауы керек. Соғыстың бұл кезеңін аяқтаудың жалғыз амалы: Бізге жасаған соққысы секілді Америкаға да сондай соққы жасау. Кейін олар жаңа қақтығысты бастамауы керек", - деп келтірді оның сөзін ИноТВ.  

Сондай-ақ Дехган Америкаға шабуыл жасалса, Иранның 52 нысанына ауыр соққы жасауға уәде берген АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзіне жауап берді.  Хусейн Дехганның айтуынша, мұндай жағдай болса, Тегеран мұны әскери қылмыс деп санайды, сондықтан Иран өзіне шектеу қоймай, АҚШ-пен тікелей майданды бастайды. "Бұл бір қатал әңгіме болды", - деп қорытындылады телеарна тілшісі. 

EN24 хабарлауынша, Иран мемлекеттік телеарнасы Дональд Трамптың басы үшін 80 миллион доллар көлемінде сыйақы тағайындады. Генерал Сулейманимен қоштасу рәсімінің трансляциясы кезінде жүргізушілер 80 миллион тұрғыны бар Иранның әр азаматы бір доллардан жинаса, сол қаражатты АҚШ президентін өлтіретін адамға жіберетіндерін айтты.  

Сондай-ақ жексенбі, 5 қаңтарда Тегеран елдің "ядролық келісімнен" шыққанын мәлімдеді.  

Естеріңізге салсақ, 2 қаңтарда АҚШ Бағдат әуежайы аймағына зымыранмен соққы жасаған, салдарынан он адам қаза тапқан болатын. Олардың ішінде Иран генералы Касем Сулемани, Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандис және Ислам революциясы күзеті корпусының төрт офицері болған.  

Иран генералдың өлімі үшін АҚШ-тан кек алуға уәде берді. Ал Пентагон шабуылды АҚШ президенті Дональд Трамптың санкциялағанын айтты. Вашингтон қаза тапқан генералдың Бағдаттағы америкалық елшілікке жасалған шабуылға қатысы бар деп санайды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар