$ 498.34  519.72  4.85

Иран генералын жерлеу рәсімінде 35 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Енді АҚШ президенті Дональд Трамп егер ирандықтар өздеріне қарсы шабуыл жасаса, Иранның тағы 52 нүктесіне жылдам әрі жойқын соққы беруге дайын екенін жеткізді.

Иранның Кермана қаласында өлтірілген генерал Касем Сулейманиді ақтық сапарға шығарып салу кезінде 35 адам қаза тауып, 48 адам зардап шеккен. Бұл туралы жергілікті IRIB телеарнасы хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ирандық генерал Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі оның туған қаласы Керманада сейсенбіде таңғы уақытта басталды. Осыған дейін Иран телеарнасы бірнеше адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған.

«Өкінішке орай, жерлеу рәсімі кезінде қатысушылардың жаппай жиналуына байланысты бірнеше адам қаза тауып, біршамасы зардап шекті. Оларды ауруханаға жеткізді», - деді жедел жәрдем басшысы Пир Хосейн Куливанд.

Оның айтуынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр екен, қосымша ақпарат тергеуден кейін жарияланады.

Енді АҚШ президенті Дональд Трамп егер ирандықтар өздеріне қарсы шабуыл жасаса, Иранның тағы 52 нүктесіне жылдам әрі жойқын соққы беруге дайын екенін жеткізді. Ал Әлемдік қауымдастық АҚШ пен Иранды сабырға шақырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары