$ 514.65  544.6  5.17

Гиннеске енген ең қарт кейуана 117 жасқа толды

Ол әлі күнге дейін үстел ойындарын ойнап, математикалық есептер шығарғанды жақсы көреді.

Жапонияда әлемдегі ең қарт әйел Канэ Танака 117 жасқа толды. Фукуока қаласында қарттар үйінде тұратын, ғасыр жасаған ананың құрметіне мерейтойлық арнайы дастархан жайылды, деп хабарлайды Ria.Ru.

Танака туған күнінде ашық сары түсті ұлттық кимоно киді. Оған достары гүл шоқтарын сыйлап, құттықтау хаты жіне тортпен дастархан жайды. Жапондық кейуана тортты «өте дәмді» деп алғысын білдірді.

Жалпы, Канэ Танака 1903 жылы Фукуока префектурасында дүниеге келген. Өткен жылы наурызда ғаламшардағы ең қарт әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Ол әлі күнге дейін үстел ойындарын ойнап, математикалық есептер шығарғанды жақсы көреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары