08.01.2020, 04:00

Орындалмаған арман: Ресейден Дубайға самокатпен барған жігіт Гиннеске ене алмады

фото: e1.ru
Екатеринбург тұрғыны Гиннес рекордтар кітабына ену үшін Біріккен Араб Әмірлігіне жарты жыл жүріп жеткен.

Екатеринбург тұрғыны Владислав Белозеров Гиннес рекордтар кітабына ену үшін Біріккен Араб Әмірлігіне жарты жылда самокатпен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy, «Российская газета» басылымына сілтеме жасап.

Ер адам самокатпен ең ұзақ жол жүргендер арасында рекорд жасалмағанын білгеннен кейін Дубайға бару туралы шешім қабылдаған. Дегенмен, ол сапарының дәлелі жоқ болғандықтан, рекордтар кітабына ене алмайтынын айтты.

«Соған қарамастан мен осы сапардан жақсы әсер алдым, көптеген жаңа таныстар таптым. Өмірге деген көзқарасым да өзгерді», - дейді Владислав Белозеров.