$ 494.87  520.65  4.91

Жігітімен төсекте жатқан жерінен анасына ұсталып қалған қыз шешесін өлтіріп тастады

Жанжал кезінде жас жігіт пышақ алып, әйелді бірнеше рет пышақтаған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ресейдің Омск қаласында жарақат алған 43 жастағы жергілікті тұрғын ауруханада қайтыс болғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің аймақтық департаментінің өкілі Лариса Болдинова хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Тергеу Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Адам өлтіру») бойынша жүргізілуде.

Тергеушілер бұл қылмысқа марқұмның 15 жастағы қызы мен оның 18 жастағы досының қатысқандығын анықтады. Күдіктілер қамауға алынды, оларға айып тағылып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеушілердің айтуынша, 2019 жылдың 31 желтоқсанына қараған түні әйел мен жастар арасында жанжал болған. Қыздың анасы үйге оралып, қызының досымен бірге төсекте жатқанын көреді. Сол арада жанжал туады.

Жанжал кезінде жас жігіт пышақ алып, әйелді бірнеше рет пышақтаған. Сол кезде қызы анасының басы мен денесін балғамен ұрған.

Жәбірленуші құрбысына қоңырау шалып үлгерді, құрбысы жедел жәрдем шақырғанымен әйел ауруханада қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары