10.01.2020, 05:55

«Сіздің көмегіңізден үміттімін»: Зеленский Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті

фото: kick.media
Рухани Иран бір топ украин сарапшыларына барлық қажетті деректерге жедел қол жеткізуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Украина президенті Владимир Зеленский Иран президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Украина президентінің аппараты.

Әңгімелесу барысында Украина президенті Тегеранда ұшақ апатынан Иран азаматтарының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ, Зеленский украин тарапы апаттың себептерін тергеуге кірісіп, жұмыс бастағанын атап өтті.

«Мен осы қайғылы оқиғаның мән-жайын тезірек анықтау үшін ашық, жан-жақты және объективті тергеу жүргізуге сіздің көмегіңізден үміттімін», - деді ол.

Ирандық тарап объективті тергеу жүргізу және қайғылы жағдайдың себептерін анықтау үшін толық ынтымақтастыққа сендірді. Рухани Иран бір топ украин сарапшыларына барлық қажетті деректерге жедел қол жеткізуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, Зеленский Швеция, Ауғанстан және Ұлыбритания басшыларымен телефон арқылы сөйлескен.