$ 443.85  474.3  4.8

Демалысқа шыққан футболшы акулаға жем болды

Оқиға орнына полиция мен құтқару қызметтері шақырылды.

Австралияда америкалық "Гастинг Бронкос" футбол клубының футболшысын акула жеп қойды, деп хабарлады Sputniknews.kz.

Неміс футболшысы Эрик Биригитти Австралияға достарымен демалуға келген.

21 жастағы жігіт серуендеп жүргенде аяғы тайып кетіп, жардан теңізге құлаған. Спортшының достары оны құтқаруға тырысқанымен, еш нәтиже болмады.

Оқиға орнына полиция мен құтқару қызметтері шақырылды. Футболшының сүйегі сол күні түнде табылды.

Алдын ала ақпарат бойынша оған теңізде акулалар шабуыл жасап, жеп қойған, деп хабарлайды El Caso.

"Гастинг Бронкос" клубы футболшының отбасына қайғырып көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#футболшы