$ 444.22  476.38  4.82

Екіжүзділермен бір үстел басында отырғысы келмейтін олимпиада жүлдегері елден кетті

"Мен - Ирандағы қорлық көріп келген миллиондаған әйелдің бірімін. Олар бізбен әлі күнге дейін ойнап келеді. Мен олардың айтқанын киіп, айтқандарын қайталап келдім", - деп жазды.

2016 жылы өткен Рио олимпиадасы ойындарының қола жүлдегері, ирандық әйел Кимия Әлизадех елден біржолата кеткенін мәлімдеді. Таэквонда спортымен шұғылданатын ол, кетер алдында "Иран билігін спортшыларды саясатқа пайдаланып отырғанын" сынаған болатын деп, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Азаттық-қа сілтеме жасап.

Кимия іnstagram парақшасында "тек таэквондоны, қауіпсіздікті және бақытты өмір мен мықты денсаулық қалайтынын және "екіжүзді, өтірікке әуестермен бір үстел басына отырып, келіссөз жүргізгісі келмейтінін" жеткізген.

"Мен - Ирандағы қорлық көріп келген миллиондаған әйелдің бірімін. Олар бізбен әлі күнге дейін ойнап келеді. Мен олардың айтқанын киіп, айтқандарын қайталап келдім", - деп жазды.

Иранның жартылай мемлекеттік ISNA агенттігі "Әлизадехтің елден кеткенін Иран таэквондосына соққы" деп бағалады және  спортшы қыздың Нидерланды еліне кеткенін жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары