Австралияда көптеген үй мен адамдардың қазасына, жануарлар өліміне себеп болған өрт оқиғасы жайлы тың деректер шықты. Қыркүйек айынан бері тоқтамай тұрған "орман өртін қасақана ұйымдастырды" деген айыптаумен 200-ге жуық адам күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазіргі таңда Австралия полициясы 183 адамды сотқа берген. Сотқа берілген күдіктілердің қатарында 40-қа жуық кәмелетке толмаған жасөспірім бар.
Жауапкершілікке тартылған 183 адамның 53-і қолдануға тыйым салынған ережелерді ескермесе, 47-сі темекі мен сіріңкенің өртке қауіптілігін ескерместен қолданған. Ал 24 адам болса, өрттен ең қатты зардап шеккен "Жаңа Оңтүстік Уэльсте орман өртін қасақана ұйымдастырды" деп айыпталып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өрт салдарынан коалалардың 33 пайызы қырылып қалған. Мұнан бөлек, 1200-ге жуық үй қирап, 5,9 млн гектар жерді қызыл жалын шарпыған.