Мұхаммед Мұтымба Уганданың тумасы. Ол Шабулла Набукира есімімен өзін таныстырған бойжеткенге үйленген. Бірақ, арада екі апта уақыт өткенде оның қыз емес, Ричард Тумушабе деген алаяқ еркек екендігін білген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Имама Мұтымба 2019 жылдың аяғында мешітте бойжеткен қызбен танысады. Әйтсе де, ол танысқан қызын ер адам деп мүлде ойламапты, тіпті, күдіктенбеген. Ақырында ол қыздың киімін киіп алған еркек екендігі белгілі болады. Таныстықтары сәтті жалғасқан олар желтоқсан айында шариғат бойынша неке қидырып, ерлі-зайыпты атанады.
Үйленбей тұрып, имам "қыздың" туған ауылына барып, оның туыс әпкесіне қалың малын апарған екен.
Алғашқы неке түні күні «Набукира» дін жолындағы ер азаматпен төсектес болудан бас тартады. Тіпті, некеге отырса да, олар екі аптаға дейін төсек қатынасына бармаған. Некелескен күйеуімен жақындасудан бас тарту себебін әлгі алаяқ еркек, жарының әлі өзінің ата-анасымен таныспағандықтан деп түсіндіреді.
Адам айтса сенгісіз жағдай, Тумушабе өзінің еркек жынысты екендігін өте жақсы жасыра білген. Мәселен, ол ұзын хиджаб киіп, орамал тағып, бетін бояп, кімінің ішінен омырауын үлкейтіп көрсету үшін арнайы заттар салып жүріпті. Бұл аз десеңіз, даусын қыздардікіндей жіңішке етіп шығарыпты.
Алаяқтың бұл өтірігі ұзаққа созылмады. Күндердің күнінде имамның көршісінің үйіне біреу ұрлыққа түсіп, бағалы заттар, теледидар мен 300 мың угандалық шилингті (81 доллар) алып кеткен екен. Сол кезде жұрт бірінші кезекте имамның жарынан күдіктенеді. Осы оқиғадан кейін, түрмеге қамалған бойжеткеннің қитұрқы әрекеті бірден әшкере болады. Мұнан бөлек, оның туыс әпкесі ретінде танысқан әйел де жауапкершілікке тартылған.