Иранда "IRIB" деп аталатын мемлекеттік телекомпанияның журналистері қызметтерінен кетті. Олар өз еріктерімен жұмыстан босаған, деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат порталы, "The Guardian" мәліметіне сілтеме жасап.
Осы орайда, "Журналистер неліктен жұмыстан кетті?" деген заңды сауал туындайтыны хақ. Олардың мұндай қадамға баруына Иранның украиналық ұшақты абайсызда атып түсіргені себеп болыпты. Мәселен, телекомпанияның Джеларе Джаббари есімді журналисі халықтан кешіріп сұрап, өз еркімен жұмыстан шыққан.
Фото:Tk.media
Ол "Мен халқымызды өлтірді дегенге ұзақ уақыт бойы сене алмай жүрдім. Бұл қиынға соқты. Мен мұны кеш түсіндім. Мені кешіріңіздерші! 13 жыл бойы алдағаным үшін басымды иіп кешірім сұраймын!", - деп instagram парақшасында жазған.
Халқынан кешірім сұраған Джелареден бөлек, 2 журналист оның әрекетінен үлгі алғанға ұқсайды. Себебі, олар да әріптесі секілді елден кешірім сұраған. Қызметтерінен кеткен журналистердің барлығы да тәжірибелі мамандар, біраз жылдардан бері ақпарат саласында еңбек етіп жүргендер екен.