$ 494.87  520.65  4.91

«Жылан бала» пайда болды

"Ұлымды емдетуге ақшам болмағандықтан, оның әрбір қиналған сәтін көргенде жүрегім қан жылайды", - дейді әкесі.
Фото: Lenta.ru
Фото: Lenta.ru

Үндістанның Орисса штатында 10 жастағы баланы "Жылан" деп атайды. Оны бұлай атауының да себебі жоқ емес. Ол сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Daily Mail-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Джаганнаттың бүкіл денесі жыланның терісіне ұқсайды, қатты жарылып,терісі құрғап кеткен.Оның сыртқы келбеті жыланның түр-сипатына ұқсайды. Баланың айықпас дертке шалдығу себебі - ламельдер ихтиоз тері ауруынан. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, балаға сағат сайын жуынып, денесіне бірнеше рет ылғалдандыратын жақпамай жағуға мәжбүр.

Терісінің тым құрғақтығынан Джаганнат әрең қозғалады. Оның әкесі күріш алқабында жұмыс істейді, сондықтан ұлының еміне қажетті қаражатты тауып бере алмай отыр.

"Ұлымды емдетуге ақшам болмағандықтан, оның әрбір қиналған сәтін көргенде жүрегім қан жылайды", - дейді әкесі.

Ламелларлы ихтиоз - сирек кездесетін туа біткен тері ауруы. Ол 600 мың адамның біреуінде кездеседі. Бұл ауруды емдеу мүмкін емес, бірақ, симптомдарды дәрі-дәрмектер мен ылғалдандырғыш құралдардың көмегі арқылы жеңілдетуге болады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары