16.01.2020, 23:20

Ресей ұшақтары Сириядағы бейбіт халықты бомбалап, тұрғын үйлердің күлін көкке ұшырды

фото: focus.ua
Артынша, Ресей ұшақтары жарты миллион босқын пана іздеп, уақытша қоныстанған Идлиб базарын да атқылаған.

Ресей ұшақтары мен Башар Асад әскері Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлиб аймағындағы халыққа әуеден оқ жаудырып, бейбіт тұрғындарды қырып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, bugin.kz-ке сілтеме жасап.

«26 бейбіт тұрғын қаза тауып, 50-ден астамы жараланды» деп жазыпты Bild басылымының журналисі Джулиан Репке.

Шабуылшылар базар мен тұрғын үйлерді нысанаға алған. Артынша, Ресей ұшақтары жарты миллион босқын пана іздеп, уақытша қоныстанған Идлиб базарын да атқылаған. Шабуылдан 15 адам қаза тауып, тағы 60-ы жарақаттанған.

Ал «Anadolu» басылымының жазуынша, Ресей ұшақтары бір күннің ішінде бейбіт халық қоныстанған 7 ауданды бомбалап тастапты.